Қыркүйектің ортасы. Көктем келіп бойларына жан бітіп, мына ғаламды құлпыртып, сан алуан көркімен көздің жауын алып, жазды өткеріп, жан-жағына махаббатын жайып, жанды-жансызға сая, мекен болған өсімдіктер... құдды бір өмірінің соңына таяғанын сезгендей сарғайып, бұрыңғы көңілді кейпі келмеске кеткендей жабырқаулы күй кешіп, бар байлығын, жапырағы мен жемістерін жерге тастап, «Алыңдар! Ала қойыңдар, бұл байлықтан маған енді еш қайыр жоқ»,-деп тұрғандай. Бірақ олар іштей біледі... өмір бұнымен аяқталмайды, өлгеннен соң қайта тірілу барын, келер жылы Құдыреті күшті Алланың...