Қара құлып
Қара құлып


Қыркүйектің ортасы. Көктем келіп бойларына жан бітіп, мына ғаламды құлпыртып, сан алуан көркімен көздің жауын алып, жазды өткеріп, жан-жағына махаббатын жайып,  жанды-жансызға сая, мекен болған өсімдіктер... құдды бір өмірінің соңына таяғанын сезгендей  сарғайып, бұрыңғы көңілді кейпі келмеске кеткендей жабырқаулы күй кешіп, бар байлығын, жапырағы мен жемістерін жерге тастап, «Алыңдар! Ала қойыңдар, бұл байлықтан маған енді еш қайыр жоқ»,-деп тұрғандай. Бірақ олар іштей біледі... өмір бұнымен аяқталмайды, өлгеннен соң қайта тірілу барын, келер жылы Құдыреті күшті Алланың қалауымен олар қайта гүлдеп, қайта шуағын шашпақ. Тек ол үшін осынау қысқа ғұмырында келер өмірге азық болу үшін жапырақты көп жинап, күз бен көктемнің ортасындағы қатал кезеңде, бойына азық болар, топырағын құнарлы етер қара шірік дайындауы тиіс. Адамдардың тадырыда осы іспеттес...тек біз жапырақ емес, сауап жинауға асығамыз...
Жаһанды жайлаған дағдарыс бізді де айналып өтпейтіні белгілі ғой, жұмыс істеп жүрген жерімде дағдарысқа байланысты әзірге іс болмай тұрғасын, ауылға қайтып, әке-шешеме қолғабыс етуге бел будым. Құдай-ау туған жердің ауасының өзі құдды бір сені сағынатындай, деміңді алған сайын құштарыңды арттырып, тынысыңды ашады. Бірақ әңгіменің өзегі мүлде басқа тақырып...
Бірде көрші ауылда тұратын ағам Алматыға жұмыс барысымен жолға шығуына байланысты, ағам келгенше атама көмекші болу үшін сол ауылға келдім. Атам қарт кісі, сондықтан бар шаруасын атқарып, қолқанаты болып жүрдім. Осындай күндердің бірінде, бауырым екеуіміз ауыл ішінде шаруалармен жүріп, ақшам намазының уақытыда келіп қалғанын байқамай қалыппыз. Жолда мешіт тұрғасын намазды мешітте оқиық деген ниетпен мешітке келдік. Келсек, мешіт есігінің ауызында үлкен қара құлып тұр. Қалтамнан ұялы телефонымды алып шығып, ағама телефон соғып, кілттің қай жерде тұратынын сұрадым. Ол кісі мешіттің жанында ағаш барын, кілттің сол ағашта ілініп тұратынын айтты. Ағашқа барып, аталған жерден кілтті таппай, біраз уақыт іздедім. Таппағасын, былай-ақ ашып көрейін деп, құлыпты ары-бері ырғапта көрдім, күрделі құлып екен, менің ол әрекетімнен ештеңе шықпайды дегендей сол баяғы қалпында қала берді. Сөйтіп тұрғанымда қасыма ауылдың намазхан жігіттері деп келіп қалып, мән-жайды білген соң оларда іздеуге кірісті. Бірақ бәріміз қанша жабылып іздесекте, ісіміз оңға баспады. Күн қарайып келеді. Сәлден соң жігіттер еш нәтиже болмағасын, үйлерінде оқимыз деп тарасып кетті. Мен, бауырым және қара құлып үшеуіміз тағы оңаша қалдық. Осы кезде есіме «Құрандағы» ең қасиетті аят «Аят әл Курси» түсті. Ішімнен соны оқи бастадымда, телефонымның жарығымен жерді сипалап, іздеуімді жалғастырдым. Сол сол-ақ екен, қолыма бір темір ілінді, қарасам қарапайым шруп екен. Аятты оқыған соң, ішімде бір сенімділік болды, сол сеніммен барып, шрупты құлыпқа сұғып бір-екі бұрап қалып ем.... О, Құдырет!!! Мызғымас қамалдай ашылмай тұрған құлыбым тырс етіп ашылды да қалды. Қуанышымда шек жоқ, Алланың құдыретіне таң қалып, мешітке кіріп, азан шақырып, құлышылығымды орындап сыртқа шықтым. Енді алдымда тағы бір мәселе туындады, ашылған құлыпты жабу керек... есіме бірден Алланың қалауымен себепкер болып тұрған шруп түсті. Асықпай қалтамнан алып шығып, сол баяғы таныс қара құлыптың тесігіне сүңгітіп жіберіп, қозғап-қозғап қалып едім.... Арнайы кілтсіз орнынан қозғалуы мүмкін емес механизм тырс етті де жабылды да қалды. Міне керемет, Жаратқан Ием тағы да маған Өз құдыретін паш етіп  тұр!!! Қуанышпа, таңданыспа, бәлкім екі сезім қосылып үшінші, бұрын соңды беймәлім сезім құрадыма білмеймін, әйтеуір жүрегім алып ұшып, өзімді қоярға жер таппай, есім шығып кетті. Қасымдағы кішкентай бауырым аң-таң, «не қылдың, не қылдың?» деп сұрап қояды. Мен ешнәрсе қылмадым, бұл Ұлы Жаратушы барлығын Өз қалауымен жасайтынын көрсетіп тұр деп айтқым келді, түсіндіргім келді... Әттең кішкентайсың.
Достар, бұл осы оқиғадан ұғарымыз бір дүние екінші бір дүниеге тек себепші. Таңның атуы мен күннің батуына жердің айналуы емес, оттың жануына сіреңкенің не болмаса оттықтың болуы емес, жаңбырдың жаууына бұлт емес, біздің сөйлеп, көріп, ұстап, сезуімізге мүшелеріміз емес, тағы-тағы сансыз мысалдардың барлығы өздігінен емес, барлығы-баааарлығы Аса Мейірімді, Ерекше Кешірімді, Мәңгілік бар, бар болуының әуелі жіне соңы жоқ, құдырет күшті Алланың қалауымен болатындығы. Сондықтан айтарым жетістікке жетіп қуансақ, қайғы келіп мұңайсақ олардың жаратылғандар емес, сол жаратылғандарды жаратып сансыз тағдырлады қиыстырған Ұлы Шебердің ісі екенін ұмытпайық.

Думан МуратДуман Мурат
8 жыл бұрын 6351
2 пікір
  • Ма ша АЛЛАһ! АЛЛАһу акбар!
    Неге мешіт құлыптаулы болады?
    Біздің ауылда мешіт жабық болса соғыс болады, өйткені ол АЛЛАның үйі ғой!
    8 жыл бұрын
Блог туралы